Адамгершілік қасиет тұлға бойына жанұяда көрген үлгі, естіген өсиетімен сіңеді. Дәл осындай, елге үлгі боларлық, ырысы мен ынтымағы жарасқан отбасыларды дәріптеу мақсатында жыл сайын елімізде «Мерейлі отбасы» сайысы өтеді. Байзақ ауданында болған дәл осы сайыста – Кеңес ауылындағы еңбекқор әрі өнерлі Әлімбетовтар әулеті жеңімпаз атанды. Бірлігі мен берекесі жарасқан бұл отбасы – көпшілікке үлгі десе болады.