Жаз – нағыз еңбек пен қажырды қажет ететін шақ. Әсіресе, диқандар үшін бұл мезгіл – жауапты кезең. Қордай ауданындағы «Бәйтерек» шаруа қожалығы бүгінгі таңда егін орағын қарқынды жүргізуде. Қожалық биыл 130 гектар алқапқа арпаның канадалық «Элвин» сортын еккен. Қазіргі таңда егін жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр.