Жұмысшы мамандық иелері елді мекендердегі тұрмыстық жайлылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Соның бірі Меркі ауданына қарасты Сұрат ауылдық округінің тұрғыны Жалғас Нұрлыбек. Ол кәсіби электр маманы ретінде жергілікті тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп келеді. Бұл салаға бала кезінен қызығып, алғашқы тәжірибесін әкесінің жанында жүріп жинақтаған. Қызығушылығын кәсіби деңгейге жеткізу мақсатында Тараз қаласындағы техникалық колледжде білім алып, электр мамандығын игерген.