Қордай ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сәкен Арубаев келді. Сапар мақсаты – әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысу, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылау және халықпен кері байланыс орнату.