Келесі жылдан бастап 1 млн қазақстандық үшін МӘМС жүйесіне қаражатты жергілікті бюджет төлейді. Мұны бүгін Үкімет басшысы айтты. Бұдан бөлек медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізіледі. Бұл өзгеріс қандай қызметтің тегін көрсетілетінін, ал қайсысы - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы қолжетімді болатынын нақты айқындайды.