Мемлекет басшысы міндетті медициналық сақтандыру туралы заңға түзету енгізетін Заңға қол қойды. Енді Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай базалық пакеті енгізіледі. Бұл - сақтандыру мәртебесіне қарамастан, жиі кездесетін ауруларға тегін көмек көрсетуді көздейді. Келесі жылдан бастап жоғары жалақы алатын азаматтар үшін жарналар көлемі артады. Ал әлеуметтік осал топтардың жарналарын жергілікті бюджет төлейді. Бес жыл үздіксіз жарна төлегендер үшін сақтандыру мәртебесі уақытша төлем тоқтаса да, алты ай бойы медициналық сақтандыруды пайдалана алады.