Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлт өркендеуіне жаңа серпін болмақ. Бұл халықтың берген бағасы. Бүгін осы рухани-саяси құжаттың тарихи мән-мақсатын арқау еткен облыстық форум болып өтті. Онда бағдарламалық мақаланың мазмұны, мақсат-мүдделері сараланып, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде маңызды әңгімелер қозғалды.
Рухани жаңғырусыз – жаһан көшіне ілесу әсте мүмкін емес. Бәсекелестік қабілет қазіргі таңда жеке адамға ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекеге қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бұл Елбасының бас басылымдағы жарияланған мақаласының түп мақсұты. Қоғамды серпілтіп, ел болашағын айқындайтын аса құнды құжатта барша қазақстандықтардың арман-мұраты тоғысқандай.
Рухани жаңғыру – мемлекеттің тірегі, халықтың жігері» атты форумға аймақ басшылығы, ел ағалары, зиялы қауым, ғалымдар және ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты. Басқосуға қатысқан азаматтар - жарияланған материалдың әр бөліміне кеңірек тоқталып, рухани жаңғырудың негізгі принциптері мен тетіктерін баяндады.
Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі
Дамудың діңгегі рухани байлықтардан басталары хақ. Ол мәдени-тарихи құндылықтармен сабақтасады. Қоғамдық сананы жаңғырту заман талабы. Бұл өркениетті елдер қатарына қосылу үшін де маңызды. Қоғамға рухани серпіліс беріп, оны заман көшіне ілестіру ұлтын сүйіп, ұлт тағдырын өз тағдырымен байланыстыратын жүрегі ізгілікке толы әрбір азамат – бұл міндеттерді қуана қабылдап, оны іске асыру барысына жұмыла кіріседі деген ойдамыз
Мәңгілік ел» платформасы ел дамуының тірегі. Ғаламдық білім, сананың ашықтығы.
Махметғали Сарыбеков, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, профессор
Үлкен мемлекеттік бағдарлама өмірге келді. Заманауи инновациялық және ғылыми дәйектелген ақпараттық коммуникативтік практикалық әдістемелік және әдіснамалық құралдардың көмегімен қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту, болашағы біртұтас елді қалыптастыру болып табылады
Іс пен сана көш ілгері дамуы тиісті. Бұл қазіргі заман талабы болса, алдағы жылдарға жасалар нық қадамдар айқындалды. Әуелі білім саласында, ғылым саласында, тарихи сана тұрғысында, дүниетанымдық ерекше жаңғыру міндеті тұр.
Дария Қожамжарова, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы
Біз Елбасының қазір айтып отырған осындай тарихи тағлымды дәл осы тұста жас ұрпаққа берілу, жеткізу, ұлттық сананы қалыптастыру, оны қандай да бір келіп жатқан сыртқы күштердің барлығына тойтарыс беру, ол бүгінгі біздің білікті, білімді жас ұрпаққа беретін тәрбие, тіліміз, дініміз, болмысымыздың арқасында болады
Дүниетанымдық өзгеріс пен ұлттық жауапкершіліктің қайнар бұлағы – толыққанды азамат болу.
Елен Әлімжан, жазушы-драматург
Біз өзіміздің мемлекет құраушы ұлт екенімізді сезінуімі керек. Сол жауапкершілік қана алға қарай жетелйді. Өздеріңіз ойлаңыздаршы біздің алдымызда 30 мемлекет кімдер? Жаттың жақсысын алуға шеберміз, ал еңбеккештілікке жетсек жаман халық болмаймыз.Мынау өзі дер кезінде жасалған үндеу.
«Туған жер» бағдарламасы – жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналмақ. Қазақ заманауи мәдениетін қалыптастыру. Ұшы-қиыры кең қазақ даласында жаһандық ауқымдағы мәдени құндылықтар жетіп артылады. Ол әрине әлемге паш етуге тұрарлықтай. Бұл өз кезегінде Қазақстанның жаңа келбетін қалыптастырады.
Мәкен Рахымжанова, Қазақстанның халық әртісі
Мәдениет пен өнер біздің ұлттық код, ұлттық брендке айналуы тиіс
Осылайша, рухани жаңғыру тетігі егжей-тегжейлі талқыланды. Жиында сөз алғандар пікірі, мақала - ұлттымыздың рухани болмысын түгендеп, тарихи тағылым арқылы даму жолын көрсетеді, дегенге саяды. Бұл әрине әрбір азаматқа жаңа міндет жүктеп, ұлттық сананы жаңғыртатыны анық.
Гаухар Рысбай, Өміртай Ыбырай, Асқар Әділ «Жаңалықтар қызметі»