Қостанай облысы Рудный қаласында авиациялық SAF отынын өндіретін зауыт салынады. Бұл жөнінде бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов америкалық LanzaJet компаниясының бас атқарушы директоры Джимми Самарицпен, коммерциялық қызмет жөніндегі вице-президент Стефан Тионмен кездесті. Тараптар өнеркәсіптік және технологиялық серіктестікті дамыту мәселелерін қарады.