Жақсының аты өлмейді. Мемлекет және қоғам қайраткері, Жамбыл облысының құрметті азаматы Жандар Кәрібайұлының өзі тұрған үйіне ескерткіш тақтайша орнатылды.

Рухани іс шараға зиялы қауым өкілдері және қызметте бірге болған інілері, отбасы мен шәкірттері арнайы қатысып ел үшін еңбек еткен айтулы тұлғаны еске алды.