Мемлекет басшысы Беларусь Премьер-министрі Александр Турчинді қабылдады. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіп кооперациясы және мәдени-гуманитарлық ықпалдастық жайы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Александр Турчиннің Астанаға жасаған алғашқы ресми сапары Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің айрықша сипатын растайды. Биыл 8 айдың ішінде екі елдің өзара сауда көлемі былтырғымен салыстырғанда 20 пайызға артқан. Өнеркәсіп кооперациясы аясында құны 204 миллион доллар болатын 12 жоба жүзеге асты. Тағы 3-уі пысықталып жатыр.