Жұмысшы мамандықтар жылы аяқталуға жақын. Бұл бастама көптеген мүмкіндіктерге жол ашып, қарапайым еңбек адамына құрмет арта түсті. Атаулы жыл аясында еліміздің барлық өңірлерінде жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету, кадрлар даярлаудың сапасын арттыру, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту шаралары қамтылған жоспарлар әзірленді. 6 бағыт, 123 іс-шараны қамтитын өңірлік жоспардың әзірге 80 пайызға жуығы орындалды. Облыстық штаб отырысында жұмысшы мамандықтар жылында атқарылған жұмыстар сараланды.