Биыл Жамбыл облысында көмірқышқыл газынан улану дерегі тіркелген жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аймақтағы жағдай тұрақты. Дегенмен, мамандар тұрғындарға жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Төтеншеліктер уланудың алдын алу үшін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.