Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан және «Заң мен тәртіп – әділ қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Алқалы жиынға, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, қалалық құқық қорғау органдарының басшылары, қалалық маслихатының төрағасы, учаскелік инспекторлар, билер, аналар кеңестерінің төрағалары және жастар өкілдері қатысты.