Таразда сайлау комиссияларының кәсіби біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында семинар ұйымдастырылды. Шара Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жылдық жоспары аясында өтті. Бұл басқосу «Сайлау процесін даярлау мен өткізу аспектілері» бағытында бастау алды.