89 заң қаралды. Оның 75-і мақұлданса, 14-і Мәжіліске қайтарылды. Бүгін Сенаттың үшінші сессиясын қорытындылаған Палата спикері Мәулен Әшімбаев, Сенаттың өңірлермен өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жұмысының нәтижелеріне де тоқталды. Биыл Мәслихаттармен бірлесіп жұмыс істеу жаңа деңгейге көтерілді. Соның аясында 50-ге жуық бірлескен шара ұйымдастырылып, алғаш рет кеңейтілген отырыс өтті. Қорытынды отырыста да түрлі түзетулер мен өзгертулер енген 7 бірдей заң жобасы қаралды. Солардың ішінен халықты толғандырған МӘМС-ке қатысты құжат та бар.