Қазақстан мен Моңғолия тау кен саласын бірлесіп зерттемек. Ол үшін Қазақ үкіметі Моңғолияның ірі кәсіпорындарына инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолдау көрсетеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолияға сапары аясында мәлімдеді. Сондай ақ, келесі жылы Моңғолия Президентінің Қазақстанға сапары жоспарланған.