«Заң мен тәртіп» қағидаты және «Қоғаммен байланыс» жобасы. Аталған жоба аясында Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Т.Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барды. Аудан тұрғындарының талап-тілегін тыңдап, қоғамдық қабылдау өткізді. Бұдан бөлек, «Қауіпсіз жол» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады.