Өткен жылыту маусымын Жамбыл облысы ойдағыдай аяқтады. Ал алдағы қыс маусымына әзірлік қазірден жүріп жатыр. Алайда, жөндеу жұмыстарына байланысты қазылған жолдар мен жабылған көшелер елді кәдімгідей әбігерге салуда. Көшеде көлік кептелісі туындап, қолайсыздық тудырған. Сондықтан осы бағыттағы шаруаны жедел әрі сапалы аяқтау қажет. Кезекті аппарат кеңесінде аймақ басшысы жауаптыларға осыны міндеттеді.