Енді кәсіпкерлер импортталған тауарлар үшін «Қазақстанда жасалған» деген сертификат ала алмайды. Мәжіліс бүгін отандық өндірушілердің жұмысын жүйелейтін бірыңғай реестер құру туралы заң жобасын мақұлдады. Құжат күшіне енсе, мемлекеттік сатып алуға жалған құжатпен қатысатын кәсіпорындарды анықтау жеңілдейді.