11 – қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 113 жыл болды. Жамбылдық зиялы қауым өкілдері ұлты сүйген ұлы тұлғаның рухына тағзым етіп, қайраткердің жарқын істерін еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.