Биылғы жыл еліміз бойынша «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Осыған орай, облыста жұмысшы мамандықтарын дамытуға және азаматтарды жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған іс-шаралар жоспары бекітілді. Оны жүзеге асыру үшін арнайы жұмысшы тобы да құрылып отыр дейді жауаптылар. Кезекті аппарат отырысында кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мәселелері қаралды.