Сәуір айында аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөніндегі Президент тапсырмасы аясында республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Елдік шарадан Жамбыл облысы да шет қалмай санитарлық тазалық жүргізу, көгалдандыру бойынша бірқатар тындырымды тірліктер атқарды. Айта кетейік, акция тек тазалық шарасымен шектеліп жатқан жоқ. Өйткені, республикалық акция аясында тұрғындардың мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жиын-кездесулер де өтуде.