2024 жыл Жамбылдықтар үшін табысты жыл болды. Мәселен, бір ғана әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 46,3 млрд теңге бөлініп, осы салада тындырымды тірліктер атқарылды. Президенттің «10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру» бойынша тапсырмасы аясында кәсіпкерліктің жаңа бастамаларын қолдау есебінен 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде аймақта жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады.