2024 жылы Қазақстанда бірқатар маңызды саяси оқиғалар орын алды. Олардың қатарында соңғы 80 жылдағы ең ауқымды су тасқыны, соған байланысты еріктілер қозғалысының жандануы, алғашқы АЭС салуға қатысты ұлттық референдум, халықаралық келісімдер, еліміздің жыл бойы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі ерекше есте қалды.