Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қала әкімі көпбалалы, батыр аналарды алтын және күміс алқамен марапаттады. Алтын құрсақты аналарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Айта кетейік, Тараз қаласы бойынша 2010-2024 жылдар аралығында жалпы 2772 көпбалалы ана «Алтын» және 2772 ана «Күміс» алқамен марапатталған.