Қазақстан мен Қырғызстан өзара тауар айналымын 2030 жылға қарай 3 млрд долларға жеткізу міндеті тұр. Бұған қос ел бірлесіп салғалы жатқан сауда-логистикалық кешен сеп болмақ. Бұл туралы Бішкекте өткен екі елдің Үкіметаралық кеңесінің отырысында айтылды. Кешенді салу үшін Жамбыл облысының аумағында жер учаскесі бөлініп, «Алатау» индустриялық аймағы құрылды. Ортақ жобаны іске асыру үшін тараптар шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін дамыту тетіктерін талқылады. Еліміз мұны автоматтандырылған бақылау және тексеру жүйесін енгізу арқылы жүзеге асырмақ. Сондай-ақ, қара нарықты азайту, екіжақты уағдаластықтарды іске асыру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Биыл 8 айда автокөлікпен жеткізілген алыс-беріс 4,1%-ға ұлғайып, 3 млн тоннаға жетті.