Тірліктің көзін тапқан ауыл тұрғыны. Ерназар ауылында тұратын Әсет Сүлейменов құмды цемент блоктарын шығаратын шағын кәсіп ашып, 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ол өз өнімдерін Жамбыл ауданынан бөлек Талас ауданына да өткеруде. Алдағы уақытта тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыруға арналған пилоттық жоба арқылы несие алып, кәсіп аумаған кеңейтпек ниетте.