Асқар Тоқпанов атындағы облыстық драма театр балаларға арналған жаңа қойылымын көпшілікке ұсынды. Әйгілі «Менің атым – Қожа» туындысы Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай сахналанып отыр.