Теңге мен инфляциясының тұрақсыздығына қарамастан, дүрбелеңге еруге жөн жоқ. Ұлттық экономика министрі бүгін осылай деп мәлімдеді. Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, экономикамыз тұрақты, мемлекеттік резерв бар. Сондықтан, елге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деді. Десе де, доллардың қымбаттауы баспана нарығына әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Себебі, құрылыс материалдарының дені шетелден келеді. Ал импортқа тәуелділіктен арылу үшін Үкімет отандық өнімдерді шығаруға қомақты қаржы қоюды жоспарлап отыр. Теңгенің әлсіреуіне 3 себеп бар деді. Біріншіден, доллар әлемдік нарықта қымбаттап жатыр. Одан кейін мұнай бағасының арзандауы мен ресей рублінің төмендеуі де көк қағаздың құнына біршама әсер еткен.