Отбасы- қоғамның басты тірегі. Жанұяның бірлігі бекем, тәрбиесі көпке үлгі болса,барша қоғамға тигізер пайдасы зор. Сондықтан осындай баға жетпес құндылықтарды дәріптеп, кейінгі ұрпақтың бойына сіңіру қазіргі аға буынның міндеті. Бүгін «Анаға тағзым» орталығында «Отбасылық тәрбие: психология мен әлеуметтанудағы қазіргі тенденциялар» тақырыбында мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтерге арналған облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.