Негізгі Жаңалықтар ІІМ: Онлайн ойындар балалардың психикасына теріс әсер етеді

ІІМ: Онлайн ойындар балалардың психикасына теріс әсер етеді

Желіде қызу талқыланып жатқан қауіпті ойындар балалардың психикасына теріс әсер етіп, оларды қашуға және бағынбауға итермелеуі мүмкін. Бұл туралы Ішікі істер министрлігінің өкілдері айтты. Жыл басынан бері жеткіншектердің сана-сезіміне жағымсыз әсер ететін 43 интернет-ресурс анықталып, уәкілітті органға бұғаттауға жіберілген. Интернет арқылы жасалатын қылмыстарға қарсы әрекеттердің тұрақты әрі белсенді түрде жүргізілетіні туралы да сөз қозғалды. Сонымен қатар, құқық қорғаушылар кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін бала тәрбиесіне мұқият көңіл бөлуге шақырды.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар