Кез келген қала үшін қоғамдық көліктердің жеткілікті мөлшерде болуы маңызды. Себебі, тұрғындардың қатынауына қолайлы жағдай жасалуы қажет. Облыс орталығында жыл санап халық саны артып келеді, сондықтан автобустардың мәселесі әрдайым күн тәртібінде. Халық санынан бөлек шаһарда тозығы жеткен автобустардың әлі де болса қарасы қалың.