Көлік құралдары үшін міндетті салықты уақытылы төлемей, қарыз болып қашып жүргендер әлі де баршылық. Ал облыс бойынша аталған салықтан түсетін берешектің көлемі қанша? Мемлекеттік кірістер департаменті осы мәселені құзырлы мекемелермен бірлесіп анықтауға тырысты.
Еске салсақ, жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты былтырғы жылға төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 сәуірде аяқталу қажет болатын.