Былтыр Жамбылда 4 млрд теңгеден астам қаражат игерілмей қалған. Салдарынан бұл ақша республикалық қазынаға қайтарылып, көптеген нысандардың құрылысы аяқталмады.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бүгін облыстық мәлихат жанындағы тұрақты комиссияларының біріккен отырысында депутаттар алдында есеп беріп, жергілікті бюджеттің атқарылу барысын баяндады.