Елімізде натрий цианидін өндіретін жалғыз зауыт бар. Ол Талас ауданы, Қаратау қаласында орналасқан, «Talas Investment Company». Бұл кәсіпорын екі түрлі өнім шығарады. Натри цианиді мен аммоний сульфаты.

Зауыт өнімінің 40 пайызын шетелдік, ал 60 пайызын отандық кәсіп орындар пайдалануда. Қазір де, кәсіп орынның ауқымы кеңею үстінде. Себебі зауыт жанына екінші кәсіпорынның құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.