Енді біз 20 миллионбыз. Қазақстандықтардың саны тағы да артты. Елдегі бұл қуанышты жаңалықты бүгін таңертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жариялады.

Ал, Ұлттық статистика бюросының соңғы деректеріне сәйкес, ел халқының саны тұрақты өсуді жалғастыруда. 1 қазанда ел тұрғындарының саны 19 967 964-ке жеткен болса, бүгінде 20 миллион болып отыр.