«Ең үздік ауыл әкімі» республикалық байқауында бас жүлдені Жамбылдық әкім жеңіп алды. Кіл мықтылардың арасында оқ бойы озып шыққан мемлекеттік қызметкер Қордай ауданы, Қарасай ауылдық округтің әкімі – Күлжахан Елемесова. Еңбегімен еленіп, ел аузында жүрген әкіммен бүгін жас мемлекеттік қызметкерлер кездесті.