Көптеген ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы жарасып, ырысты еңбекті ту еткен Шу ауданының тұрғындары да бір кісідей дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Кезектен тыс сайлауға қатысып, ортақ мақсаттағы ұранға үн қосу үшін таңғы сағат 7-ден бастап аудан аумағындағы сайлаушыларға, сайлау учаскілері есіктерін айқара ашты.