Заманауи ауыл мектебі
Ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтық азаяды. Бұл мүмкіндік «Қазақстан Халқына» Қоры мен білім саласын тұрақты дамыту қорының қолдауының нәтижесінде мүмкін болмақ. Нақтырақ айтқанда, ауылды жерлердегі тірек мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңғырту арқылы білім сапасын да жақсартуға үлес қосу.
Сарысу ауданына қарсты Саудакент ауылындағы орта мектебінің кабинеттеріндегі оқу құрал-жабдықтары осы жоба шеңберінде толықтай жаңадан жабдықталды. Бұл мақсатқа ұлттық қордан 250 млн теңге жұмсалды. Жаңғыртылған мектептің жай күймен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев танысып, оң бағасын берді.