Тараздағы Қаратай Тұрысов атындағы мектеп гимназияда Дебют шахмат клубы ашылды. Бұған дейін балаларға арнайы кабинет те, жабдықтар да жеткіліксіз болған. Енді мектеп түлектері мен ата-аналар демеушілігімен болашақ үздік гроссмейтерлер үшін қолайлы жағдай жасалып отыр.

Аталған мектепте қазір бұл спорт түріне қызуғышылық танытқан оқушылар саны көбейіп келеді. Ұялы телефон мен гаджеттердің дәурені жүрген заманда, шахматқа балалардың әуестігі көңіл қуантады.