Бүгін Таразда Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай семинар өтті. Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын өскелең ұрпақ жүрегіне ұялату арқылы жастарды ана тілі мен қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыруды көздеген жиынға Жоғары оқу орнының оқытушылары, ғалымдар мен студенттер қатысып, академик-жазушының еңбектерінің маңызына тоқталды.