Аймақта жол апаты азаймай тұр. Қыруар қаржы бөлінсе де, полицейлер көбейсе де, жалақылары өссе де, түрлі бақылау камералары қаптаса да - мәселе шешілер емес.

Дәйекке дәлел, Жамбылда жол-көлік оқиғалары 28 %-ға, қаза болғандар 73 %-ға артқан. Жарақат алғандар саны 39% -ға көбейген. Тәртіп сақшылары қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз деп ақталады. Алайда,ахуал ушығып барады. Сондықтан, маңызды мәселе әкімдікте өткен арнайы кеңес отырысында тағы да талқыланды.