Тұз пайдалы ма, зиян ба? Бұл сауал соңғы кездері қоғамда жиі талқыға түсіп жүр. Ал, тұз тек тағамға ғана қоспа емес. Өндірісте  әйнек, қағаз, пластмасса, сабын сияқты 14 мың түрлі бағытта пайдаланылады.

Ал, әдеттегі ас тұзы 40 пайыз натрий мен 60 пайыз хлордан тұратын натрий хлориді. Тұзсыз өмір жоқ десек те, ол көп болса зияны да бар екені белгілі. Тақырыпты Нәзима Дәрменқызы таразылап көрді.

Ас тұзы біз үшін, ең бірінші тағам қоспасы. Алайда оның бірнеше түрі бар. Тасты тұз - ең арзаны, тамақ өнімінде жиі қолданамыз.  Тұнба тұз – құрамында қоспасы көп, ағзаға ең зияндысы да осы. Шөгетін тұз – бұл көл түбінде тұнғандықтан шипалысы. Мамандар бүгінде йодталған тұз пайдалану қажеттілігін айтады. Ал оны қалай анықтаймыз?

Лабораторияда екі тұзды зерттеп, анықтайды. Иодталған тұзды қалай анықтауға болатынын айтады.Сатып алу барысында қандай белгілерді білуіміз қажет? Осыны түсіндіріп береді.

Мағфуза Давилова  ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТАҒАМ ОБЬЕКТІЛЕРІН САНИТАРЛЫҚ – ГИГИЕНАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ / Адам ағзасына күнделікті қанша мөлшерде тұз пайдалану қажеттілігі жайында айтады/

Дәрігерлер  тұзды көп мөлшерде пайдалану жүрек, бүйрек, бауыр ауруларына әкеліп соғатынын айтады. Сондай – ақ, аяқ – қол сүйектері сынғыш келеді.

Әмірбек ҚАЛМЕНОВ МАНУАЛДЫ ТЕРАПЕВТ /Көп мөлшерде тұз пайдаланса, қандай  ауруға шалдығатыны жайында айтады/

Дәрігерлер  галотерапияның пайдасын да жоққа шығармайды. Үңгірге Ресейде өңделген арнайы ас тұзын қолданып, ем – шара жүргізіледі. Еліміз тұзға бай болғанымен, өңдеп шығаратын технология жоқ.

Әмірбек ҚАЛМЕНОВ МАНУАЛДЫ ТЕРАПЕВТ /Тұз үңгірінің пайдасы жайында айтады/

Демек, тұздың денсаулыққа пайдасы да, зияны  да бар. Тек, мөлшерден көп қолдану қоғамда жиі кездесетін аурулардың бастауы. Ал, өндірісте тұздың мыңдаған бағытта қолданылуы – оның адам өміріндегі маңызын айшықтай түссе керек.

Н. Дәрменқызы, Руслан Сандыбай «ЖҚ»