Жамбыл облысы өнеркәсіп өндірісі бойынша 9 айдың қорытындысымен республикада бірінші орынға шықты. Ал инвестиция тарту ісінде екінші орынға жайғасты. Бұл туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы айтты. Әйтсе де мұндай көрсеткішке тоқмейілсіп отыруға болмайды. Жыл соңына дейін әлі де даму динамикасын арттыру үшін біраз тер төгуге тура келеді. Облыстық әкімдіктің кеңейтілген мәжілісінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері таныстырылып, межеленген міндеттерге жету жоспарлары нақтыланды.