Құжат – адамның қоғам алдындағы айнасы, мемлекет алдындағы мәртебесі. Ол барда есік те ашық, мүмкіндік те мол. Ал онсыз өмір сүру – өз еліңде өзіңді бөтен сезіну секілді. Осындай тағдыр тауқыметін тартып жүрген Мойынқұм ауданының тұрғыны, 70 жастан асқан ақсақал Мусин Малыбаев болатын.