Ұлтымыздың ұлық мерекесі Республика күнінде Таразда мерекелік концерт өтті. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті саябағында патриоттық әндер шырқалып, өңір өнерпаздары жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Еліміздің көк туын көкке көтеру рәсімі орындалды.