Таразда су үнемдеу және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне арналған жиналыс өтті. Бұл басқосу ауыл шаруашылығындағы су тапшылығының өзектілігін көтеріп, оны шешу жолдарын талқылауға бағытталды. Іс-шара халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар аясында ұйымдастырылып, оған ғылыми мекемелердің өкілдері, сарапшылар және шаруашылық саласының мамандары қатысты.