Жыл басынан бері облыста балалар жасаған 14 қылмыс тіркелді. Мұнымен қоса, өзіне қол жұмсаған, ерте жүкті болып қалған жасөспірімдер саны азаймай тұр. Кәмелетке толмағандардың күрмеулі мәселесін тарқату мақсатында Байзақта облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің төрағалығымен кезекті комиссия отырысы өтті.