Бүгін Байзақ ауданында облыс әкімдігінің ұйытқы болуымен “Ауыл шаруашылығын дамыту” тақырыбында ғылыми- эксперттік семинар өтті. Асыраушы саланы алға бастыру тетіктері, бүгіні мен болашағы сөз болған көшпелі кеңеске облыс әкімімен бірге Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысты. Дала семинарында ғалымдар баяндама жасап, Жамбыл облысының мүмкіндіктері мен алдағы жоспарлары талқыланды.