«JAMBYL» телеарнасы Жасанды интеллект арқылы қазақ ертегісін жасап шықты. Бұл телеарнаның заман талабына сай бейімделіп ЖИ –пен жұмыс істеу бағытына бет бұруы. Күні кеше Президент те Ұлттық Құрылтайда осы салаға мән беру керектігін айтқан еді. Бүгін аймақта алғаш рет телеарна дайындаған анимациялық қазақ ертегісі көрерменге жол тартты.